Белсенді жастарға "Елбасы медалі" беріледі
Медаль жас қазақстандықтарға спорттағы жетістіктері, шығармашылығы мен "Қазақ әдебиетінің алтын қорындағы" кітаптарды оқығаны үшін табысталады, – деп хабарлайды sputniknews.kz.
14 жастан 29 жасқа дейінгі қазақстандықтар патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін "Елбасы медалі" ерекшелік белгісімен марапатталады. Премьер-министр Асқар Мамин тиісті қаулыға қол қойды.
Үкімет "Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 24 сәуірдегі №249 қаулысына өзгеріс енгізді.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кімдер марапатталады
"Елбасы медалі" ерекшелік белгісі 14 жастан 29 жасқа дейінгі балалар мен жастарға патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін беріледі.