Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 41 газет

02 маусым 2020 ж.

№ 40 газет

30 мамыр 2020 ж.

№ 39 газет

26 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Сексеуілде 300 орындық мектеп салынады

Сексеуілде 300 орындық мектеп салынады

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Арал ауданына сапары барысында Сексеуіл кентіндегі жана 300 орындык мектеп салынатын аумакка барып, жұмыстарымен танысты, – деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Сексеуіл кентінде қазіргі таңда 15 мыңға жуық халық тұрады. Кенттің орталығынан үлкен темір жол торабы өтеді. Сексеуілдегі 3 мектеп темір жолдың бір бетінде орналасқандықтан екінші бетінде тұратын 360 оқушы шойын жолдан өтуге мәжбүр. Бұл мәселені шешу үшін жаңа білім ұясын салуға тиісті құжаттар әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрлігіне тапсырылып, қолдау тапты. Енді мамыр айында білім ошағының құрылыс жұмыстары басталады деп күтілуде.
Облыс әкімі құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, нысанды межеленген уақытында пайдалануға беруді тапсырды.
«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Сексеуіл стансасындағы мектепке жету үшін темір жолдардан өтуге мәжбүр балалардың мәселесін шешуді тапсырды. Бұл өзекті мәселе. Сол себепті Үкімет нақты шаралар қабылдады. Жаңа оқу жылында, оқушылар заманауи мектепте білім алады деп сенеміз. Қаржысы бөлінді. Енді тек жұмыс жасау қажет»,- деді облыс әкімі Г.Әбдіқалықова.
14 мамыр 2020 ж. 36 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам