Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 41 газет

02 маусым 2020 ж.

№ 40 газет

30 мамыр 2020 ж.

№ 39 газет

26 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Елбасы қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Елбасы қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды жеңістің 75 жылдығымен құттықтады. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қадірлі отандастар!
Ардақты ардагерлер!
Баршаңызды Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
9 Мамыр – әрдайым бәріміздің мерейімізді үстем ететін күн.
Бұл күні біз адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларды ерекше құрметпен еске аламыз.
Майдан даласындағы жауынгерлік ерлік пен тылдағы қажырлы еңбекке тағзым етеміз.
Бұл ­– нағыз батылдықтың, әскери даңқ пен патриотизмнің мерекесі.
Баршаңызға белгілі, жеңіс бізге оңайға түскен жоқ.
Келер ұрпақтың бақытты әрі берекелі ғұмыры үшін миллиондаған адам фашизмді жеңу жолында жанын пида етті.
Ортақ іске Қазақстанның қосқан үлесі зор.
Еліміздің әрбір бесінші тұрғыны майданға аттанды.
Олардың көбі соғыс даласынан оралған жоқ.
Қазақстандықтар ерен ерлік пен бекем бірліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Жаужүрек аталарымыз Брест қамалын, Мәскеуді, Ленинградты қорғауға барын салып, Сталинград, Курск шайқастарында, жау басып алған аумақтарды азат етуде жанқиярлықпен соғысты.
Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тікті.
500-ге жуық қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.
Батырларымызға мәңгілік тағзым ету, ардагерлерге қамқорлық көрсету, халықтың ынтымағы мен тұтастығын сақтау – біздің қастерлі борышымыз.
Ел бірлігі – біздің жетістіктеріміздің басты кепілі.
Барлық қазақстандықты, соғыс және еңбек ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтаймын.
Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, игілік пен бақ-береке тілеймін!
08 мамыр 2020 ж. 90 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам