Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Елімізде Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің өкілеттігі кеңейтілді

Елімізде Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің өкілеттігі кеңейтілді

Қазақстандағы бас санитар дәрігердің өкілеттігі кеңейтіледі. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру және COVID-19-бен күресу шараларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы отырысында айтылды, – деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
Отырысқа денсаулық сақтау Елжан Біртанов қатысты.
«Бас санитар дәрігер қаулы шығарып елдің барша аумағында шектеу шараларын енгізе алатын болады», – деп хабарлады министрлік.
Енді бұл үшін нормативтік-құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден өткізу міндетті болмайды. 
«Қазіргі уақытта бұл қиындық тудырып отыр. Өйткені өзгеріс аптасына бір рет енгізіледі. Ал тіркеу процесі ұзақ уақытты талап етеді», – деді ведомствода.
Бас санитар дәрігер мемлекеттік шекара арқылы кіріп-шығуға шектеу енгізу құқығына ие болады.
Сондай-ақ, карантин аймақтарын бекіту, инфекция таралуынан қорғау аймақтарындағы эпидемияға қарсы шараларды толықтай үйлестіре алады.
03 мамыр 2020 ж. 651 0