Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет алдағы күндерде еліміз көлемінде ауа температурасы салқындайтыны жайлы ескерту жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің мәліметінше, 31 тамыз күні Солтүстік Қазақстан облысында солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Кей жерлерде найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Петропавлда 31 тамыз күні солтүстіктен жылдамдағы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95 %.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 1-2 қыркүйек күндері түнде ауа райы 3°С дейін суытуы мүмкін. Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95 %.
1-2 қыркүйек күндері түнде Қостанай облысының кей жерлерінде 3 градусқа дейін күн суытады.
1-2 қыркүйек күндері түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, 2-3 қыркүйекте түнде Қарағанды облысында, 3 қыркүйек күні түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде ауа райы 3 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.
Астана қаласында 1-2 қыркүйек күндері түнде топырақ беті 2 градусқа дейін тоңазуы мүмкін.



30 тамыз 2018 ж. 802 0