Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Сovid-19: Індеттен айыққан науқас ауруханадан үйіне шығарылды

Сovid-19: Індеттен айыққан науқас ауруханадан үйіне шығарылды

Бүгін, яғни 30.04.2020 жылдың сағат 09:00 уақытында ауданымызда коронавирус індетінен тағы бір науқас емделіп шықты. Бұл туралы Сырдария аудандық ТКҚСмҚБ басқармасының басшысы Ерлан Ұзақбаев фейсбук әлеуметтік желісіндегі  ресми парақшасында жариялады. 
– Емделушінің емі толық аяқталған соң, екі рет тест сынамасы алынды. Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай, яғни науқас "COVID-19" вирусынан айығуына байланысты ауруханадан үйіне қайтарылды.
Індетті жеңген емделуші Амангелді ауылының тұрғыны.
Емделуші алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады.
Коронавирус инфекциясымен бүгінгі күнге дейін тіркелген 26 науқасымыздың 21-і жазылып шықты, – делінген жазбада.
30 сәуір 2020 ж. 582 0