Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

№ 18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сырдарияда 6 адам коронавирус індетінен айықты

Сырдарияда 6 адам коронавирус індетінен айықты

Бүгін Сырдария ауданынан коронавирус жұқтырған 6 науқас  індеттен айықты. Бұл туралы аудан әкімі Руслан Рүстемов фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялады.  
– Құрметті аудан тұрғындары!
Мұсылман қауымы үшін ерекше қасиетті Рамазан айының басталуымен тұспа-тұс келген сүйінші хабарды жеткізгім келеді. Аманкелді ауылынан қауіпті індетті жұқтырған 6 науқас жазылып шықты. Қазіргі таңда азаматтарымыздың денсаулығы жақсы және таяу арада үйіне де оралатын болады.
Осы орайда, аты жаман кеселмен күресте еңбектері ұшан-теңіз, бүгінгі күннің батырлары - дәрігерлерімізбен бірге барша сала мамандарына шексіз ризашылығымызды білдіреміз.
Уақыт көрсетіп отырғандай, бұл кеселді жеңудің ең тиімді әрекеті - оқшаулану, санитарлық талаптарды қатаң сақтау. Олай болса, тәртіпке бағынып, сабыр сақтайық.
Қасиетті Рамазан айында ниеттеріңіз қабыл болсын. Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілеймін.
Жақсы күндеріміз, жеңісті күндеріміз көп болғай,– делінген жазбада. 
24 сәуір 2020 ж. 888 0