Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі әлеуметтік желіден жеке парақшасын ашты

Облыс әкімі әлеуметтік желіден жеке парақшасын ашты

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Facebook әлеуметтік желісінен жеке парақшасын ашты. Бұл туралы аймақ басшысының өзі хабарлап, арнайы жазба жариялады.

Аталған жазбада: "Құрметті Сыр жұрты! Қадірлі жерлестер Өздеріңізге белгілі, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әкімдерге халықпен етене байланыс орнату, ол үшін заманауи құралдарды пайдаланып, тұрғындармен кері байланысқа әрқашан әзір болу жөнінде тапсырма берген.

Сондықтан бүгін мен қазақстандықтардың сүйікті әрі танымал "Facebook" әлеуметтік желісінде жеке парақшамды аштым.
Мүмкіндігіме қарай аймақ өміріндегі ең маңызды оқиғалармен бөлісіп отырамын. Ең бастысы Сыр Елі жұртын тыңдайтын және еститін боламын", - делінген.
05 сәуір 2020 ж. 682 0