Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сақтық шараларын орындауға шақырды

Сақтық шараларын орындауға шақырды

Өздеріңізге белгілі, күні кеше жергілікті телеарнадан Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыс тұрғындарына өз үндеуін жолдады. Аймақ басшысы еліміздегі төтенше жағйдайға байланысты қабылданып жатқан шараларды қатаң сақтау керектігін айтып, әрбір азаматты жеке бас тазалығын ұстануға шақырған болатын.
Бүгінде облыс әкімінің үндеуін қолдап, елді тәртіпке бағынуға шақырып жатқан қоғам белсенділері көп. Олардың қатарында ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен белсенді жастар бар. Сондай-ақ мектеп оқушылары да аймақ басшысының үндеуін тыңдап, ата-анамыздың айтқанын істеп талапқа бағынамыз деп өз замандастарына үлгі-өнеге көрсетуде.
Мәселен, Сырбойылық ағайынды жас өрендер Нұрила Тағаева мен Ерсұлтан Тағаев арнайы видео түсіріпті. Мектеп оқушылары қысқа әрі нұсқа түсірілген видеода облыс әкімінің үндеуін мұқият тыңдағанын, айтылған талапты бұлжытпай орындайтындықтарын айтқан. Сонымен бірге, күніне бірнеше жер қолдарын сабындап жуып, тазалық қиғадаттарын ұстанатындарын және үй карантині бойынша берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарайтындықтарын жеткізген. Үйден шықпауға уәде еткен жасөспірімдер өзге де замандастарын тәртіпті болуға, ата-аналарының айтқанын істеуге шақырған.
Әлеуметтік желі арқылы таралып жатқан видеоға көпшілік жақсы баға беруде. Бұл қызылордалық оқушылардың заманауи құралдарды жетік меңгергенін және саналы азамат болып қалыптасып келе жатқанын білдіреді. Осы ретте, әрбір оқушы осылай тәртіпті болса, үй карантинін сақтап, ұстаздары мен ата-анасының айтқанын істесе, уақытша қиындық ертерек аяқталатынына сенім мол.

Ақтөре Ибрагимұлы
31 наурыз 2020 ж. 594 0