Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанды коронавирус індетінен не құтқарады?

Қазақстанды коронавирус індетінен не құтқарады?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы барлық елдерді Оңтүстік Корея мен Тайванның үлгілеріне сүйене отырып, коронавирусқа тұрғындарды белсенді түрде тестілеуге шақырды, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 
«Біздің негізгі жолдауымыз: тестілеу, тестілеу, тестілеу», – деді ДДСҰ басшысы Тедрос Адан Гебреисус.

Халықты коронавирусқа тестілеудің нәтижесінде Венеция маңындағы итальяндық Во Эуганео коммунасында індеттің таралуын тоқтата алды.

Қаланың барлық 3,4 мың тұрғыны белгілердің болуына немесе болмауына қарамастан, коронавирусқа тексеруден өтті. Талдау қорытындысында қала тұрғындарының 3 пайызында вирус анықталды. Ауру белгілері бар коронавирусты жұқтырған әрбір адам үшін белгілері жоқ 10 тасымалдаушы болды. Барлығы оқшауланды.

10 күннен кейін барлығы қайта сынақтан өтіп, нәтижесінде сырқаттанғандар саны 90 пайызға төмендеді.

Айта кету керек, қайта тестілеу кезінде кем дегенде белгілері жоқ алты вирус жұқтырған науқас анықтады, ал оларды карантинге орналастыру маңызды.

Егер оларды таппаса, инфекция таралуын жалғастырады.

«Тестілеу өте маңызды болды, ол көптеген өмірлерді сақтап қалды», – деді қала мэрі Джулиано Мартини.

Ғалымдар белгілі науқастармен байланыста болған белгілері жоқ адамдарды тестілеу өте маңызды дейді.

Мысал ретінде Германияны келтіруге болады, онда 19 наурыз күні Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша 13979 жұқтыру оқиғасы тіркелген, бірақ тек 44 өлім тіркелген.

Салыстыру үшін: көршілес Францияда 9058 адам коронавирус жұқтырса, 243-і көз жұмды, Испанияда 17 395 адамның 803-і бақилық болды.

Сарапшылар инфекцияның бар-жоғына жүргізілген тесттердің көп санын маңызды фактор деп санайды. Роберт Кох институтының басшысы Лотар Вилердің айтуынша, ел зертханалары апта сайын 160 мыңға жуық сынақ өткізеді, бұл көптеген елдердің жүргізген зерттеулерінен әлдеқайда көп.

Айта кетейік, Қазақстан коронавирусты анықтау үшін 100 000 экспресс-тест сатып алады. Сатып алуға ақшаны Kaspi.kz және «Сәби» қоры бөлді. Сынамаларды сәуір айында «Олимп» зертханаларында тапсыруға болады.

Қазақстанда экспресс-тест тапсырғысы келетіндер үш басым топқа бөлінеді.

Бірінші топ – науқастармен тікелей байланысатын медициналық ұйымдардың қызметкерлері және карантиндік аймақтарда халыққа қызмет көрсетумен айналысатындар-полицейлер, өрт сөндірушілер , әскерилер және басқалары.

Екінші топ – 2019 жылдың қараша-желтоқсан айларында 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында вирустық аурулары болған азаматтар.

Үшінші топ – қалған еріктілер.
23 наурыз 2020 ж. 824 0