Ел астанасы карантинге толық жабылды

Мақсат бір әрі ортақ. Індеттің таралуына жол бермеу.
Бахтияр Мәкен, қала әкімінің орынбасары: - Азық-түлікпен қаламызды қамтамасыз ету үшін арнайы жасыл дәліз жұмысын жасап отырады. Оның бәрі қалалық штабтың шешімімен арнайы жоспарлы түрде өткізіп отырамыз. Әрқайсысын тексеріп, бақылап, тізімге бекітіп. Себебі, қаламызды азық-түлікпен қамтамасыз ету өте қажет. Себебі, дүкендеріміз бар, сататын орындарымыз бар, сондықтан бұл мәселені тиісті алгоритммен жұмысымызды атқарып жатырмыз.