Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Бүгін жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі

Бүгін жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі

«Қазгидромет» РМК мамандары 3 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстік, шығыс және оңтүстік аймақтары циклон ықпалында болғандықтан, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейеді. Республиканың орталығы мен шығысында жаяу бұрқасын соғады.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын көтеріліп, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел қарқыны - 15-20 м/с.

Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Түнде Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жетеді.
03 наурыз 2020 ж. 321 0