Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Атқарылған жұмыс ауқымды

Атқарылған жұмыс ауқымды

Тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бас­тау алған Қазақстанның қазіргі заманауи тарихында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен жарияланған жемқорлықпен табанды және ымырасыздық күрес бағыты республиканың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мағынасын қалыптастырады. Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сая­сатының базалық бағыттары Елбасының «Қазақ­с­тан – 2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген сыбайлас жем­қорлықты іріктеу міндеттерін іске асыру арқылы нақты белгіленген.
Бұл ретте, сыбайлас жемқорлықтың көрініс­терін азайтудың мақсатты нұсқамаларына қол жеткізу алгоритмі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлаудың көп деңгейлі жүйесінде бүгінгі күні басты бағдарламалық құжат болып табылатын Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрсетілген. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және алдын алу мақсатында көптеген қызмет түрлері электронды форматқа көшуде. Атап айтар болсақ, салық есептілігін тапсыру және салық саласына қатысты барлық қажетті анықтама, дара кәсіпкерлікті уақытша тоқтату, арнаулы салық режимін өзгерту сияқты қызметтерді әр салық төлеуші Мемлекеттік кірістер органдарына келмей, онлайн түрде өз үйлерінде отырып алу мүмкіндігі бар. Себебі сандық технологияны қолдану, сол арқылы жемқорлықтың қадамын қысқартуға орасан зор үлесін қосып келеді. Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында бекітілген регламент бойынша барлығы 45 қызмет түрі көрсетіледі, оның ішінде 27 қызмет түрі салық саласы бо­йынша, 18 қызмет түрі кеден саласы бойынша.
2019 жылдың 12 айында барлығы 19948 қызмет көрсетілген. Оның ішінде 18296 қызмет түрі электронды түрде көрсетілді (немесе 92 % құрады), қалғаны қағаз түріндегі көрсетілген қызмет 8 % . Қазіргі кезде цифрлық технологияларды кеңінен қолдану арқылы заңсыз өнімді анықтауға болады, бұл әрекетті мемлекеттік кірістер органымен қатар, тұтынушының өзі де жасай алады. Мысалы, kgd.gov.kz сайтының электронды сервистер бөлімінде немесе қазақстандық жоба Wipon (Вайпон) мобильді қосымшасының көмегімен сайтқа немесе мобильді қосымшаға есепке алу-бақылау маркасының сканерленген суретін енгізу арқылы кез келген алкоголь өнімінің заңды немесе көшірме екенін білуге болады.
Сонымен қатар адами қателік тудыратын факторларды болдырмау мақсатында ҚР ІІМ-нің «Автомобиль» біріктірілген деректер банкінің мәліметі негізінде «АЛСЕКО» бағдарламасы құрастырылды. Бұл бағдарлама арқылы көлік салығын, әр салық төлеушінің бет есебіне автоматты түрде қателіксіз отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Мұндай мүмкіндіктер өз кезегінде қоғамдық індет – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және көлеңкелі экономиканы жоюға септігін тигізуде.
Басқармада кадр алу мәселесі төңірегінде, әділ және шынайы конкурстық әңгімелесу жүргізу үшін сыбайлас жемқорлықтың болмауын Nur Otan партиясының бір мүшесін және аудандық депутаттарды сарапшы етіп қатыстыру мәселесі де жолға қойылған.
Халықтың білім деңгейін, оның ішінде құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жиі бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар жариялап, семинар­лық кеңестер және дөңгелек үстелдер өткізу арқылы түсіндірме жұмыстары дәстүрлі түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, 2019 жылдың 12 айында газет бетіне 34 мақала, радио тыңдармандарына 10 мақала, «Қоғам ТВ», «Қазақстан Қызылорда» телеарнасына 4 сұхбат, 7 дөңгелек үстел, 3 техникалық оқулар, 12 семинарлық кеңес, басқарма қызметкерлерін 4 мәрте Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысының тыныс тіршілігімен таныстырылды.
Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік Кірістер басқармасы да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында әр ауылдық округте салық есептілігін тапсыратын терминалдар орнатып, мемлекеттік органдар мен салық төлеушілер арасындағы қызмет көрсету тәртібі мен реттілікті нығайтуды қамтамасыз етуде.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы­ның және Қазақстан Республикасының Әдеп кодексінің нормаларының мемлекеттік қызметшілер тарапынан бұзылуына жол бермеу мақсатында Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Цифр­лы агент «Digital agent» мобильді қосымшасы және 8(72436) 21-3-84 нөмірлі сенім телефоны тәулік бойы жұмыс істейді.
Әрине, басқаларға үлгі-өнеге көрсетуге Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алу бойынша іс-шара жоспарына сәйкес жұмыс атқару және пара беру фатісінің алдын алу жұмыстарын жүргізуді күшейткен үстіне күшейте бермек. Яғни Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларына әрекет ету – Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің бас­ты міндеті болып табылады.

Сырдария ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы
25 ақпан 2020 ж. 806 0