Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Алдағы үш күнде ауа-райы жылынуы мүмкін

Алдағы үш күнде ауа-райы жылынуы мүмкін

Қазгидромет 25-27 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлады 24.kz

Алдағы күндері Сібір антициклонының жотасымен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, бірақ Қазақстанның көптеген аймақтарында түнде және таңертең көріну қашықтығын 500 м-ден де нашарлататын тұман күтіледі. Республиканың батыс аймақтарына жауын-шашын және көктайғақпен атмосфералық фронттар ығысуда. Бұл фронттар кезекті Атлантикалық циклонмен байланысты, сондықтан жауын-шашынмен қатар ауа температурасының жоғарылауына алып келеді. Фронттардың батыстан шығысқа жылжуымен жауын-шашын мен көктайғақ Қазақстанның қалған бөлігінде де күтіледі.

Алдағы үш тәулікте ауа температурасы климаттық нормадан 4...12°C аномальді жоғары болады.


24 ақпан 2020 ж. 485 0