Бүгін Мұқағали Мақатаевтың туған күні
Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Осыдан 89 жыл бұрын мұзбалақ ақын Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген.
Ақын1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортамен етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М.Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алған ақын жоғары білімімен ақындық өнерін шындайды. Аз ғана ғұмырында «Ильич» «Армысыңдар достар» «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» «Аққулар ұйықтағанда» «Шуағым менің» атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялады. Әдебиет және журналистика саласында табанды қызмет атқарған. Поэзияда өзіңдік қолтаңбасын қалдырған ақын бірнеше поэмалардың авторы атанған. Қазақ композиторлары оның сөзіне жазылған әндерді жарыққа шығарды. Осы уақытқа дейін мазмұнын жоғалтпаған туындылары зерттеліп, өскелең ұрпаққа дәріптелуде.
Мұқағали Мақатаев қайтыс болғаннан кейін ҚР Жазушылар одағы Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлық тағайындаған. Сонымен қатар, ақынға ҚР Мемлекеттік сыйлық “Ғасыр ақыны” атағы берілді. 60 жылдық мерейтойы қарсаңында ақынның туған жерінде мұражайы ашылды.
«ТТ»-ақпарат