Қазақстанның киелі жерлерінің географиясына енген
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсетілгендей, рухани жаңғыру халқымыздың өткен жолын және және бүгінгі жасампаз істерін болашақпен жалғастыру мақсаттарын қояды. Ұрпақтар жалғастығын сақтау – өткен ұрпақтың ізгі істері мен озық дәстүрлерін құрметтеп, ел тарихы мен мәдениетінің, дәстүрлерінің көзден таса қалған, бағаланбаған қайнарларын ашуға қызмет етеді. Бұл бағытта жалпыұлттық патриотизмнің өзегіне айналатын шаралар қатарында «Туған жер» бағдарламасы мен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының маңызы атап көрсетілді.
Елбасы «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени – географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз, әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі» деген болатын.
Еліміз бойынша 2017 жылдан бастап Қазақстанның қасиетті жерлерін анықтау және оның тізімін жасақтау жұмысы қолға алынды. Бұл бағыттағы жұмыстарды Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми – зерттеу орталығы жүргізуде. Сол 2017 жылдың өзінде еліміз бойынша 100 жалпыұлттық және 500 өңірлік маңызы бар қасиетті орындар іріктеліп алынды. Бұл аталған орталықтың ұйымдастыруымен елімізге белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, өлкетанушылар,археологтар, этнографтардың қатысуымен киелі жерлерді зерттеудің ғылыми жүйесі құрылып, зерттеушілер басшылыққа алатын нұсқаулықтар жасалды.
Осыған сәйкес «Қазақстанның қасиетті орындары» ретінде ерекше қастерлейтін табиғи- мәдени мұра, діни сәулет ескерткіштері, кесенелер, сондай-ақ, Қазақстан халқының жадында өшпес із қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындар тізімдері іріктелген болатын. Сонымен қатар, осы санатқа Қазақстанның әлеуметтік – саяси өмірінде маңызыды орын алатын, ұлттық бірлік пен жаңғыру нышаны ретінде көрінетін нысандар мен Қазақ тарихында астана деңгейіне жеткен ежелгі және ортағасырлық қалашықтар кірді.
Республикалық сараптамалық кеңестің шешімімен қасиетті орындар жалпыұлттық және өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар болып бөлінді. Барлық киелі немесе қасиетті деген нысандар бес топқа жіктелді:
1. Ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері. Ел аузында киелі аталып кеткен, кейбіреуі қазірдің өзінде мемлкекет қорғауында тұрған табиғат құбылыстарының нәтижиесінде пайда болған орындар.
2. Археологиялық ескерткіштер және ортағасырлық қалалық орталықтар. Бұл топқа қалашықтар бекіністер, петроглифтер, қорымдар, халқымыздың қалыптасуына ерекше рөл атқарған, Қазақ мемлекетінің, Ұлы Жібек жолының құрылуына ұйытқы болған ежелгі және ортағасырлық қалалар кіреді.
3. Діни және ғибадат орындарыболып табылатын орындар. Мұндай қасиетті орындарды әулие феноменімен байланыстыруға болады. Түркі кезеңіне дейінгі дәуірдегі аттары аңызға айналған, көне түркі және ортағасырдағы, сонымен бірге ХІХ аяғы – ХХ ғасырдың басына дейінгі тарихи тұлғаларды қамтиды.
4. Тарихи тұлғаларға қатысты қасиетті орындар. Қазақстан тарихында елеулі орын алатын, бүкіл өмірін қазақ елінің бостандығы мен егемендігіне арнап, үш жүздің батыр – билерін жиып, елдік маңызды мәселелерді шешкен хандар, от ауызды орақ тілді ел мен жердің дауын шешкен билер, қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін күрескен қазақтың батырлары, ұлт азаттық қозғалыстың жетекшілері, қолбасшылар, ғылым мен білімге, мәдениетке үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақындар, ғалымдар, ағартушылар туралы мәні зор орындар алынып отыр.
5. Саяси, тарихи оқиғаларға байланысты қасиетті орындар. Қазақ даласында қазақ халқының бірлігі үшін болған шайқастарды, ерлікті, батырлықты, қайсарлықты насихаттайтын, елдің бірлігін білдіретін ескерткіштер менел жадына өшпес із қалдырған қасиетті орындар мен қоғамның, мемлекеттің тарихында ерекше орыны бар мемлекетіміздің жаңа нышандары еніп отыр.
Сондай – ақ 2017 жылдан бастап «Қасиетті Қазақстан» ғылыми – зерттеу орталығы облыстық мәдениет басқармалары мен тарихи – мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мекемелермен және тарихи – өлкетану музейлерімен, рухани жаңғыру орталығының мамандарымен бірлесе арнайы жұмыс топтарын құрып, жергілікті жерде халық арасында танылған қасиетті де киелі жерлердің тізімін анықтау жұмыстарын жүргізуде.
Осы бағытта Қызылорда облысы әкімдігінің жанынан құрамында тарихшылар, археологтар, өлкетанушылар мен журналистер, ақындар, өнертанушылар мен ғалымдардан құралған арнайы жұмысшы тобы құрылған болатын. Осы уақытқа дейін облысымызда осы жұмысшы топтың ұсыныс пікірлері ескеріліп бірлескен отырыстар ұйымдастырылды. Жұмысшы топтың бастамасымен облысымыздағы барлық киелі немесе қасиетті деп танылатын орындар іріктеліп алынды. Дегенмен «Қасиетті Қазақстан» орталығының талаптарына сай құжаттары мен аңыз әфсаналары, сапалы суреттері мен нақты координаттары, нысандардың инфрақұрылымдық жағдайлары ескерілуі шарт еді. 2017 жылы облысымыздан 63 нысан іріктеліп құжаттары қазақ және орыс тілінде толық қамтамассыз етілгенімен респубикалық комиссиядан олардың 47 – сі іріктеліп алынған болатын. 2018 жылғы жұмыстың жалғасы ретінде облысымыз бойынша қосымша тағы 25 нысан іріктеліп, республикалық сараптамаға жіберілген болатын. Барлық ізденістеріміздің негізінде қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша 72 нысан қасиетті орындар тізіміне еніп отыр. Бұл бағытта жұмыс жасаған барлық әріптестерім мен өлкетанушыларға, мәдениет және мұрағаттар басшылығына, осы бағытта қолдау танытқан аудандық мәдениет бөлімдері мамандарына, музей қызметкерлеріне алғысымыз шексіз.
Оның нәтижиесі бойынша жалпыұлттық деңгейдегі 100 қасиетті нысанның тізіміне Қызылорда облысынан 12 нысан:
р/с | Қасиетті орындар атауы | Орналасқан жері | Уақыты |
1 | Бегім ана мұнарасы, | Жаңақұрылыс кеңшарынан оңтүстік-батысқа қарай 40 шақырым | ІХ-ХІ ғ.ғ. |
2 | Жанкент қалашығы, | Өркендеу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 500 метр | Ү-ХҮ ғ.ғ. |
3 | Жанқожа батыр жерленген жері, | Кәукей ауылынан батысқа қарай 125 шақырым | 1969 ж. |
4 | Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай), | Жосалы кентінен солтүстік-батысқа қарай 18 шақырым | 1980 ж. |
5 | Қазан богородный шіркеуі | Тоқтыбаев көшесі, 5 | 1890-1895 ж. |
6 | Шірік-рабат қалашығы, | Көмекбаев ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 87 шақырым | б.з.д. Ү-ІІ ғ.ғ. |
7 | Жент қалашығы, | Аққыр ауылынан оңтүстікке қарай 30 шақырым | Ү-ХҮІІ ғ. ғ. |
8 | Оқшы ата кесенесі, | Бәйгеқұм ауылынан шығысқа қарай 5 шақырым | ХІ ғ. |
9 | Сығанақ қалашығы. | Сунақата ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2 шақырымда орналасқан. | ҮІ-ХІХғ.ғ. |
10 | Қорасан ата кесенесі, | Жаңарық ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 шақырым | ХІХ ғ. аяғы |
11 | Төлегетай-Қылышты ата кесенесі, | Қыркеңсе ауылынан оңтүстікке қарай 7 шақырым | 2008 ж. (ХІ-ХІІ ғ.ғ.) |
12 | Бұқарбай батыр кесенесі | Қаракеткен ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 21,3 шақырым | 1993 ж. |
Өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар мен табиғи ланшафты аймақтар тізіміне 60 нысан республикалық сараптамадан өтіп қасиетті орындар тізіміне енгізілді.
р/с | Қасиетті орындар атауы | Орналасқан жері | Уақыты |
1 | Айқожа кесенесі, | Жаңақорған ауданы, Бесарық стансасынан оңтүстікке қарай 6 шақырымда орналасқан | ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ. |
2 | Айтбай мешіті, | Қызылорда қаласы, Сәтбаев көшесі, 18 | 1878 ж. |
3 | Ақтас мешіті, | Жаңақорған ауданы, Бесарық стансасынан оңтүстікке қарай 6 шақырымда орналасқан | 1884 ж. |
4 | Ала тағы әулие жерленген жер | Шиелі ауданы, Сарысу өзенінің бойында орналасқан | Орта ғасырлар |
5 | Арал асар қалашығы, | Арал ауданы, Қаратерең ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым | ХІҮ ғ. |
6 | Арыстан баб зираты, | Арал ауданы, Ақбай елді мекенінен оңтүстік-батысқа қарай 5 шақырым | IX-XI ғ.ғ. |
7 | Асан ата кесенесі, | Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылынан шығысқа қарай 5 шақырым | ХҮІ ғ. |
8 | Асанас кесенесі, | Сырдария ауданы, Айдарлы ауылынан батысқа қарай 15 шақырым | ХҮІІ ғ. |
9 | Асанас қалашығы, | Сырдария ауданы, Айдарлы ауылынан батысқа қарай 8 шақырым | VІІ-ХV ғ.ғ. |
10 | Ахмет ишан кесенесі, | Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 100 шақырым | ХХ ғ. |
11 | Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалды ескерткіш, | Қызылорда қаласы, Арай ықшам ауданы | 1998 ж. |
12 | Әбжали ишан мешіті, | Жалағаш ауданы, Таң ауылы, Жамбыл Жабаев көшесі, 12 | 1922 ж. |
13 | Әулие Белең ана жерленген жер | Шиелі ауданы, Сарысу өзенінің бойында орналасқан | Орта ғасырлар |
14 | Байқоңыр ғарыш айлағы | Байқоңыр қаласы | 1954 ж. |
15 | Бақсайыс ата кесенесі, | Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 шақырым | ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. |
16 | Баланды ІІ кесенесі, | Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 шақырым | б.э.д. ҮІ-ІІ ғ.ғ. |
17 | Барсакелмес қорығы | Арал ауданы | 1929 жыл. |
18 | Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені, | Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылынан оңтүстікке қарай 47 шақырым | б.з.д. ІҮ-ІІ ғ.ғ. |
19 | Беркімбай кәлпе кесенесі, | Жалағаш ауданы, Ақсу ауылынан шығысқа қарай 3,2 шақырым | 1977 ж. |
20 | Бұрынғы қыздар приход училищесі ғимараты (қазіргі дүкен), | Қызылорда қаласы, Училищная көшесі, 21 | 1878 ж. |
21 | Ғани Мұратбаев мұражайы, | Қазалы ауданы, Қазалы қаласының ескі бөлігі, Қорқыт ата көшесі, 24 | ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы. |
22 | Ғанибай мешіті /пионерлер үйі, кітапхана/ | Қазалы ауданы, Шаляпин көшесі, 17 үй | ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы. |
23 | Ғанибай үйі, | Қазалы ауданы, № 7 мектептің ауласында. | ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы. |
24 | Еңсебай әулие жерленген жер | Шиелі ауданы, Телікөл өзенінің аяқ тұсында орналасқан | ХХ ғ |
25 | Есабыз қабірі, | Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылынан шығысқа қарай 5 шақырым | ХХ ғ. |
26 | Жаназар батыр кесенесі, | Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым | 1999 жыл |
27 | Жәрімбет әулие қорымы, | Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылынан солтүстікке қарай 13 шақырым | ХІХ-ХХ ғ.ғ. |
28 | Жетіасар мәдениетінің кешенді ескерткіштері | Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандары | б.з.д. І мыңжылдық – б.з І мыңжылдығы |
29 | Иманқұл мешіті, | Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі, 5 үй | 1908 ж. |
30 | Кескен Күйік қалашығы, | Қазалы ауданы, Бозкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 шақырым, Кәукей ауылынан батысқа қарай 14 шақырым | б.з І – ІХ ғ.ғ |
31 | Көккесене сағанасы, | Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5 шақырым | ХІ ғ. |
32 | Қалжан ахун мешіт-медресесі, | Сырдария ауданы, Қалжан ахун ауылынан батысқа қарай 12 шақырым | ХІХ-ХХ ғ.ғ. |
33 | Қалқай ишан кесенесі, | Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен шығысқа қарай 18 шақырым | ХІХ ғ. |
34 | Қамбаш көлі | Арал ауданы, Қамыстыбас ауылы | |
35 | Қарақұм құрылтайы өткен орын, | Арал ауданы, Қарақұм ауылы маңында орналасқан | 1710 жыл |
36 | Қарасопы кесенесі, | Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 5 шақырымда орналасқан | ХҮІІІ-ХІХ ғ. |
37 | Қармақшы ата қорымы (көктастарымен), | Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Тоқтаров көшесі, н/з. | ХІХ ғ. соңы. |
38 | «Қатын қамал» үңгірі, | Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 18 шақырым | ХІІ-ХҮІІ ғ.ғ. |
39 | Қожан қожа кесенесі, | Сырдария ауданы, Айдарлы ауылынан солтүстікке қарай 15 шақырым | ХҮІІІ ғ. |
40 | Қожаназар ишан мешіті, | Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Біржан сал көшесі, 109 | ХІХ ғ. |
41 | Түгіскен І-ІІ жерлеу кешендері, | Жалағаш ауданы, Қуаңдария ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 60 шақырым | б.д.д. І мыңжылдықтың І жартысы |
42 | Түмен әулие кесенесі, | Жалағаш ауданы, Мөрәлі Шәменов ауылынан солтүстік-батысқа қарай 4,5 шақырым, Қаракеткен теміржол стансасынан оңтүстік - батысқа қарай 7 шақырым | ХІХ ғ. |
43 | Қосым қожа бейіті, | Қазалы ауданы, Басықара ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 70 шақырым жерде | ХҮІІ-ХҮІІІ ғ. |
44 | Құлболды ишан кесенесі, | Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4 шақырым | 2002 ж. |
45 | Мағзаман әулие ескерткіші, | Қазалы ауданы, Ақсуат ауылдық округінде орналасқан. | 2007 жыл |
46 | Мақтұм Сейіт кесенесі, | Сырдария ауданы, Шаған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым | 1927 ж. |
47 | Марал ишан кесенесі, | Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен шығысқа қарай 18 шақырым | ХІХ ғ. |
48 | Мәмбет әулие төртқұлағы, | Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылынан солтүстікке қарай 18 шақырым | ХІХ ғ. |
49 | Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, | Сырдария ауданы, Іңкәрдария ауылынан оңтүстікке қарай 3 шақырым | ХҮІ ғ. |
50 | Мүсірәлі әулие кесенесі, | Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінен солтүстікке қарай 4 шақырым | 2000 жыл. |
51 | Мырзабай ахун мешіті және жерлеу кешені, | Жалағаш ауданы, Мырзабай ахун ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 шақырым | ХХ ғ. |
52 | Ноғай (Нұралы) мешіті /аптека/, | Қазалы ауданы, Жанұзақов көшесі, 51 үй | ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы. |
53 | Оразай ишан кесенесі, | Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылынан оңтүстік-шығысқа 15 шақырым | ХVІІІ ғ. |
54 | Өшпес Даңқ мемориалы, | Қызылорда қаласы, Дінмұхаммед Қонаев көшесі, н/з | 1975 ж. |
55 | Сартай батыр кесенесі, | Қазалы ауданы, Басықара ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 50 шақырым | ХҮІІІ ғ. |
56 | Сауысқандық петроглифтері, | Шиелі ауданы, Еңбекші ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым | қола, ерте темір дәуірлері |
57 | Сейітпенбет әулие кесенесі, | Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылынан солтүстік-батысқа қарай 55 шақырым | ХІХ-ХХ ғ.ғ. |
58 | Сунақ ата кесенесі, | Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінен солтүстік-батысқа қарай 35 шақырым | ХХ ғ. |
59 | Сырлытам кесенесі, | Қармақшы ауданы, Тағай бөлімшесінен солтүстік-шығысқа қарай 16 шақырым | ХІІ-ХІІІ ғ. ғ. |
60 | Сырлытам кесенесі, | Сырдария ауданы, Іңкәрдария ауылынан оңтүстікке қарай 25 шақырым | ХІІІ ғ. |
Әрине бұл жұмыстар 3 жылда жүргізілген тынымсыз еңбектің арқасы еді. Алдағы уақытта киелі орындарды ақпараттандырумен қатар олардың инфрақұрылымын қолға алу мәселесі жолға қойылып келеді.
Сонымен қатар, облыс әкімдігі жанынан 2013 жылдан бастап ғылыми кеңес құрылған болатын. Кеңестің шешімімен облыстық бюджеттен алғаш рет археологиялық зерттеулерге қаржы қарастырылып, 2014-2019 жылдары ежелгі және ортағасырлық Шірік Рабат, Сығанақ, Жанкент, Жент, Сортөбе, Бәбіш мола, Қышқала қалашықтарына және Аралдың кепкен табанындағы Кердері кесенесіне қазба жұмыстары жүргізілуде.
Қазба жұмыстары аясында маңызды мәдени нысандар археологиялық қазба жұмыстармен қатар тарихи дерекнамалық зерделеулері жасалды. Осылайша, Сыр өңірінің археологиясы тың деректермен толықтырылуда. Қазіргі уақытта қазба жұмыстарымен ғана шектелмей, археологиялық қазба нысандарын сақтау, қалпына келтіру шаралары қоса жүргізіліп, табылған құнды жәдігерлер облыстық музей қорын толықтырылуда. Алдағы уақытта осы табындылар өз аудандарына қайтарылып жергілікті тарихқа қызығатын туристер мен өскелең ұрпақтың бойында ұлт потриотизімін дамытуға, «Ұлы Дала Елі» идеясының жергілікті жерлерде дамуына атсалыссы деген тілегім бар. Облысымызда осындай жиақталған мол мұраларымыз бен Қазақ тарихында ерекше орын алатын ежелгі және ортағасырлық қалашықтарда алдағы уақытта археологиялық парк қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі деген ойдамыз.
Қыпшақ хандығының астанасы, Ақ Орданың астанасы кейін Қазақ хандығының негізгі басқару орталығына айналған Ортағасырлық Сығанақ қалашығында қазба жұмыстарымен қатар, толық абаттандыру шаралары жүргізіліп, “SYĠANAQ” стеласы орнатылды. Инфрақұрылымдық әлеуеті артып, келіп тамашалаушыларға жол төселді. Жыл сайын қазба жұмыстары да өз жалғасын тауып келеді. Сығанақ қалашығымен қатар ол жерде әйгілі Сығанақтық ғалым Хусам – ад –дин ас Сығанақидың да кесенесі мен басында түнеуханасы да бар. Бүгінгі күні Қазалы ауданындағы Оғыз мемлекетінің астанасы атанған Жанкент қалашығында да осындай шаралар атқарылып келеді. «JANKENT» стеласы орнатылып, жол төселіп, жарықтандыру мәселесі де шешімін тапқан. Сонымен қатар, 3D қоршау жұмыстары толық аяқталды.
Қазіргі таңда, Жаңақорған ауданындағы Қорасан ата, Төлегетай – Қылышты ата, Ақтас және Айқожа ишан кесенесі мен мешітіне де келушілер саны артып келеді. Жалағаш ауданындағы Бұқарбай батыр зиратына, Беркімбай қалпе, Мәмбет әулие, Мырзабай ахун сынды аталарымыздың басына жыл сайын ас беріліп, келушілер қатары артқан. Олар баба басына құран бағыштаумен қатар олардың ілімдерімен, аңыздарымен сусындап қайтады. Қармақшы ауданындағы Марал ишан, Қалқай ишан, Сейтпенбет әулиелерге, Арал ауданындағы Бегім ана мұнарасына, Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр кесенесіне,
Шиелі ауданындағы Оқшы ата, Асан ата, Есабыз әулиелерге де ұрпақтарымен қатар осы өңірдегі тұрғындармен қатар, шет мемлекеттерден келіп құран бағыштап, алладан тілек тілеп, әулиелерімізге мінәжат етіп қайтады.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының екінші кезеңі бойынша шығарылатын «Қасиетті Қазақстан» кітабының ІІІ-томына біздің облыстан жалпыұлттық тізімдегі 12 ескерткіш, өңірлік қасиетті нысандар тізіміндегі 60 нысан және көрікті орындар тізіміне 16 нысан, барлығы 87 нысан кітапқа енгізіліп жарыққа шықты. Аталған кітаптың тысау кесері алдағы уақытқа жоспарланып отыр.
Осы ретте айта кету керек, мемлекет қорғауына алынған ескерткіштерге, киелі орындарға баратын халықтың және туристердің саны күннен күнге артып ішкі, сыртқы туризмнің артуына жол ашып өскелең ұрпаққа ұлт тарихын ұлықтауға, құрметтеуге жол ашатындығына сенімдіміз.
Ендігі кезектегі міндетіміз – нысандарды жас ұрпаққа, мектеп оқушылары мен студенттер арасында насихаттау, туристік нысанға айналдыру бағытындағы шараларды кешенді түрде ұйымдастыру. Осы мақсатта облыстық тарихи-өлкетану музейі тарапынан өңірдің қасиетті орындары - Қорқыт ата ескерткіш кешеніне, Сығанақ, Жанкент, Сортөбе, Қышқала, Қорасан ата, Оқшы ата кесенелеріне экскурсия, пресс-турлар ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталуда.
Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Жобалық кеңсе» аясында 2018 жылы қасиетті орындарды сандық форматқа көшіру және олар туралы әлеуметтік желі қолданушыларға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 2 жоба - Қызылорда облысы бойынша киелі жерлердің 3D форматтағы интерактивті картасы енгізілген сайт (virtualmap.xyz) ашылса, 150 тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-код орнатылды.
Аталған жұмыстардың барлығы қастер тұтқан киелі орындардың маңызын ашып, жас ұрпақтың бойында патриотизмнің қалыптасуына өз септігін тигізеді деген ойдамыз. Сыр бойында алып шаһарлар мен қатар бабаларымыздың мәңгілік мекен тапқан қаншама кесенелері, пантеондары бар. Қазақ халқы қашанда ол орындарды қасиетті санайтыны анық. Қанша ғасыр өтсе де қабырғалары сақталып, Ұлы жібек жолының дамуына өз үлестерін қосқан қалашықтар ел мұрасы екендігі даусыз. Оларды зерттеу Отан тарихындағы келелі міндеттердің бірі болса, материалдық – рухани құндылықтарымызды айшықтайтын киелі орын екені белгілі. Халық кие тұтқан бабалар мұрасын біз де келер ұрпаққа ұғындырып, аманаттауымыз ұрпақ алдындағы борыш деп білеміз.
Елеуов Еркебұлан Алдабергенұлы
Қызылорда облысы тарихи – мәдени ескерткіштерді
қорғау жөніндегі мекеме қызметкері.
«Қасиетті Қазақстан» жобасы бойынша
Қызылорда облысының кураторы