Гүлдендіру жұмыстары жүргізілуде
Бүгінде ауданда гүлдендіру, көгалдандыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Орталық алаңға, көшелер бойына түрлі гүлдер егіліп, жасыл желектер отырғызылып, демалыс аймақтары абаттандырылуда. Бұл жұмыстардың басты мақсаты – тұрғындарға жайлы, таза әрі әдемі орта қалыптастыру.Аталған игі іске аудан орталығындағы «Тереңөзек тазалығы» мекемесі белсенді үлес қосып, мекеме қызметкерлері гүл отырғызу жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық орындардың көркін арттыруға атсалысуда.
Көгалдандыру тек көріктендіру ғана емес, экологиялық ахуалды жақсартуға да үлкен үлес қосады. Жасыл аймақтар ауа сапасын жақсартып, жаздың аптап ыстығында сая болатын орындар санын арттырады.











