Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » 18 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамы

18 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамы

18 желтоқсан күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, солтүстікте қар жауады. Солтүстік-шығыста және шығыста күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Жекелеген өңірлерде тұман, көктайғақ, екпінді жел сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Батыс Қазақстан, Актөбе, Атырау, Манғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады.

Қостанай облысында, күндіз Батыс Қазақстан, Актөбе облыстарында бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с артады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с артады. Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз жаяу бұрқасын жүреді. Қарағанды облысында со,дай-ақ көктайғақ болады. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз Жалаңашкөл аумағында жел 18-23 м/с артады.
18 желтоқсан 2019 ж. 408 0