Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

№40 газет

30 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жұмаға арналған ауа-райы болжамы

Жұмаға арналған ауа-райы болжамы

13-ші желтоқсан күні солтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан ақпараттарға қарағанда, 13-ші желтоқсан күні республиканың кейбір аумақтарында жауын-шашын болады, ал кей жерлерінде жауын-шашын, қар мол көлемде түседі. Тек Қазақстанның шығысы антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, күн жауын-шашынсыз болады.

Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, бұрқасын болады. Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде бұрқасын, көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Түркістан облысында күндіз екпіні 25 м/с жел соғады.
13 желтоқсан 2019 ж. 422 0