Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

№40 газет

30 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Болашақ мамандарды жемқорлықтан бейтарап ұстау қажет

Болашақ мамандарды жемқорлықтан бейтарап ұстау қажет

Кеше  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда  облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ғалия Әлімқұлова  «Болашақ» университетінің студент  жастармен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – ел ертеңін құрайтын жастарды жемқорлықтан азат адал қоғам қалыптастыруға дәріптеу және  білім беру жүйесінде сыбайластық әрекеттердің белең алуына жол бермеу.
Өз кезегінде Превенция басқармасының басшысы Ғалия Әлімқұлова – жастардың әділдік, парасаттылық құндылықтарына қанық болып өсуі – Қазақстанды қуатты мемлекеттер қатарына қосуға және адал еңбек пен таза білімге иек артқан жастар - жарқын болашақтың берік іргетасын  қалайтынын жеткізді. 
Сонымен қатар, превенция басқармасының бас маманы Ысқақов Мұрат - өңірдегі білім ошақтарында бастау алған «Таза сессия» акциясының қоғам алдындағы маңыздылығын түсіндіріп,  білім алушыларды алдағы қысқы сессия кезінде құқықбұзушылыққа жол бермеуге шақырды.  
Шара соңында адам болмысындағы ең ізгі қасиеттер - «Адалдық. Парасаттылық. Әділдік. Сенім» тақырыбында студенттер тарапынан  қойылған бірқатар сауалдарға жауап берілді.
12 желтоқсан 2019 ж. 371 0