Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » 14 қарашаға арналған ауа-райы болжамы

14 қарашаға арналған ауа-райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 14 қарашадағы ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, солтүстік-батыстың кей жерлерінде жаңбыр және қар, солтүстікте және шығыста қар жауады.

Кей жерлерде тұман күтіледі, жел күшейеді, солтүстік-шығыстың, солтүстіктің кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жаяу бұрқасын болады, кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі, түнде Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел тұрып, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түркістан,

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Ақтөбе облысында, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал.
14 қараша 2019 ж. 636 0