Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өмір шындығын суреттеген қаламгер

Өмір шындығын суреттеген қаламгер

Қазақ әдебиетінің абызы, Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов ХХ ғасырда ұлт әдебиетінде өзіндік қолтаңба қалдырып, рухани құндылықты жарыққа шығарғаны мәлім. Оның  қаламынан туған әрбір шығарма өмір шындығын суреттейді. Қалың оқырманның жүрегінен жол тауып, ерекше құрметке ие болды. Сыр халқының мақтанышына айналған  Әбдіжәміл Нұрпейісовтің бір ғана «Қан мен тер» романы замана тоғысында қалыптасқан  боямасыз ақиқатты бейнелей отырып, оқырманға ерекше әсер қалдырды.
Бүгінде 95 жасқа келген Әбдіжәміл Нұрпейісовті ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерейтойымен құттықтап, жылы лебезін білдірді. Өз кезегінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Әбдіжәміл Нұрпейісовке  «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын  беру жөніндегі Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойғандығы күллі Сыр жұртшылығының мерейін асырды. Бұған дейінгі жүріп өткен  жолын зердеге тоқыған өскелең ұрпақ үшін үлгілі істің нышаны деп білеміз. Қай кезде де Сыр қаламгерлері заңғар жазушының мол мұрасымен мақтанады.
Мұхтар САҚТАПОВ,
ақын,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
28 қазан 2019 ж. 854 0