Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Бүгін құбылмалы ауа-райы сақталады

Бүгін құбылмалы ауа-райы сақталады

"Қазгидромет" РМК 1 қараша күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды baq.kz

Синоптиктердің хабарлауынша, бүкіл Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елімізде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерде жаңбыр мен қар жауады. Кей аймақта жел күшейіп, тұман түседі. Солтүстік-батыс және солтүстікте көктайғақ болса, солтүстікте - жаяу бұрқасын, оңтүстікте - найзағай күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Осы күні күндіз Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында жел екпіні 23-28 м/с жетеді. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын күтіледі.

Павлодар облысында таңертең және күндіз жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерінде жел қарқыны - 15-20 м/с.

Қарағанды облысында тұман түседі.

Түркістан облысының кей жерінде найзағай жарқылдайды. Жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі.

Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман түседі.
01 қараша 2019 ж. 556 0