Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дін – тәрбиенің рухани тірегі

Дін – тәрбиенің рухани тірегі

Иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – адамға берілген көркем мінез. Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадірқасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тәрбие алуы, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді, жақсы тәрбиені жинап өскен жасты «көргенді» деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды «иманды» деп атаған.

Иманның түпкі негізі дін болса, дін – тәрбиенің рухани тірегі. Сондықтан адам бойындағы барлық асыл қасиет жақсы тәрбиемен келеді. Қасиетті дініміздегі барлық құндылықтарды сақтай білгенде біздің рухани байлығымыз күннен-күнге арта бермек. Сонда ғана ұрпаққа ұлағатты тәрбие беріп, болашақ баянды болады.

М.КЕЛДІБАЕВ,
«Иман-2013» қоғамдық қорының төрағасы
27 қазан 2019 ж. 2 153 0