Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Құбылмалы ауа-райы күтіледі

Құбылмалы ауа-райы күтіледі

«Қазгидромет» РМК 25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі. Түнде және күндіз кей жерлерде жауын-шашын жауады (жаңбыр, жылбысқы қар) жел күшейеді, тұман түсіп, оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдайды.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман болады. Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, тұман күтіледі.

Алматы облысының найзағай кезінде, күндіз Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының кей жерлерінде, Карағанды облысының оңтүстік және оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігіңде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.


25 қыркүйек 2019 ж. 434 0