Бұршақ, жауын, жел - Жұмаға арналған ауа райы болжамы
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, республиканың орталығында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерде найзағай, тұман, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, түнде жел кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28, кей жерлерде желдің жылдамдығы 30 м/с жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі, түнде жел кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі, таңертең жене күндіз найзағай, бұршақ жауады.
Түркістан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында таңертең жене күндіз Қызылорда, күндіз Ақтөбе облыстарынын кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.
Түркістан, Павлодар түнде және таңертен Алматы, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Павлодар облысында найзағай күтіледі. Таңертен және күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Түнде Қарағанда облысының кей жерлерінде 1 градус, Шығыс Қазақстан облысында 3 градус үсік сақталады. Қызылорда, Ақтөбе облыстарында өрт қаупі туады.