Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Екі жақты байланыс орнайды

Екі жақты байланыс орнайды

Қазақстан Президенті Халықаралық электр байланысы одағы­ның Бас хатшысы Чжао Хоулиньді қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстан мен Халықаралық электр байланысы одағының инфокоммуникациялық технология сала­сын­дағы өзара іс-қимыл мәселелері талқы­ланды.
Президент Қазақстанда жаңа инновациялар мен технологияларды дамытуға және енгізуге баса мән берілетінін атап өтті. Мемлекет басшысы өңірде заманауи инфокоммуникациялық инфрақұрылым құрудың маңыздылығын айтты.
Чжао Хоулинь Қасым-Жомарт Тоқаевқа Халықаралық электр байланысы одағы қыз­метінің негізгі бағыттары туралы мәлімдеді. Атап айтқанда, ол Президентке өзі басқа­ратын одақтың 4G және 5G сияқты телекоммуникациялар мен қызмет көрсету саласы бойынша әзірлеп жатқан халықаралық стандарттары жөнінде айтты.
Халықаралық электр байланысы одағы Бас хатшысының бағалауынша, Қазақстанда блокчейн, Big Data технологияларын, жаңа сандық қаржы құралдарын пайдалануға, сондай-ақ, ауыл шаруашылығында, бі­лім беру және денсаулық сақтау салалар­ын­да, мемлекеттік басқару ісінде кеңінен қолданылатын ақпараттық-комму­ни­кация­лық технологияларды енгізу­ге жақ­сы мүм­кін­діктер жасалған деп санайды.
Кездесуге Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, Президенттің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов, Халықаралық электр байланысы одағының өңірлік өкілі Кирилл Опарин қатысты.
17 қыркүйек 2019 ж. 379 0