Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихтан тағылым

Тарихтан тағылым


Тарихи мұраларға оң көзқараспен қарау – ұрпақ міндеті. Елімізде көнеден қалған тарихи ескерткіштер киелі жерлер көптеп кездеседі. Оның ішінде Сыр өңіріне қатысты қаншама тың деректерді тарихшылар кеңінен зерттеп, жұртшылыққа насихаттап келеді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылғандай ұлттық мүддемізді, рухани санамызды жаңғырту мақсатында ел көлемінде ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, тарихи маңызы бар орындарды зерттеу жұмыстары да кіреді. Солардың қатарына Күлкеасар, Ақтай кесенесі, Алатағы қорымы, Бәтеш төртқұлағы, Байғана кесенесі, Жантас кесенесі, Құлбала кесенелері бар.
Ақтай кесенесі 1926-1927 жж. жатады. Ғимарат-осы өңірге тән ең соңғы екі күмбезді мемориалды құрылыстардың бірі. Тік бұрышты кірпіштерден тұрғызылған кесененің композициясы кіші және үлкен көлемдердің үйлесімінде орындалған. Соған орай ол кіші және үлкен күмбездермен жабылған. Үлкен көлемде жерлеу камерасы бар, ортасында аркалы кіреберіс ойығы бар бетше босағаға жалғанған кіші көлем екі деңгейде шешім тапқан. Біріншісінде жерлеу камерасына апаратын кіреберіс камера орналасқан, екіншісінде зиратхана ғұрыптық іс-әрекеттерге, Құран және намаз оқуға арналған бөлме бар. Ақтай кесенесі- архитектуралық көзқарас тұрғысынан алып қарағанда, қазақ кесенелері дамуының соңғы кезеңдерін сипаттайтын аса маңызды буын, соның салдарынан ол үлкен мәдени-тарихи маңызға ие екендігін айта кеткеніміз жөн. Ал, Алатағы қорымы ХVI-XVII ғғ. Қызылорда қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 156 шақырым жерде орналасқан. Алатағы қорымы Сарысу өзенінің төменгі ағысындағы оң жағалық биіктеу жайпақ қырқаның үстінде орналасқан. Қорымда тікбұрышты қам кесектерден тұрғызылған қоршау қалдықтары ғана сақталған. Алатағы шатқалы тарихтан жақсы мәлім; академик Ә.Х. Марғұлан айтып кеткендей, бұл жер, қазақ аңызы бойынша, сығанақ хандарының жазғы резиденциясы болғандығын ғалымдар зерттеуінде кездеседі. Енді Бәтеш төртқұлағына тоқталатын болсақ, ол 1910 ж. жатады. Қызылорда қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 175 шақырым жерде орналасқан. Бәтеш Байменов- шебер құрылысшы, төртқұлақты құрылыс ісін өзі үйреткен ұлдары тұрғызған. Бәтештің ісінің арқасында Қызылжыңғыл шатқалында күйдірілген кірпіштерден ең алғашқы керемет мемориалдық құрылыстар мен стационарлық қыстаулар пайда болды. Ескерткіш Қызылжыңғыл шатқалында, Сарысу өзенінің оң жағалауындағы қорымда орналасқан. Қорымда қираған қабір үсті ескерткіштері мен Бәтештің інісі-Едігенің қоршауы бар. Төртқұлақ тікбұрышты күйдірілген кірпіштерден салынған. Ескерткіштің көлемді-кеңістікті қарапайым композициясы кірпіш қалау мәдениетінің жоғары деңгейімен, әсем де жақсы ойластырылған декорымен ерекшеленеді. Ал, Байғана кесенесі ХVIІ-XVIIІ ғғ. Қызылорда қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 175 шақырым жерде Сарысу өзенінің төменгі ағысындағы Қызылжыңғыл шатқалының бір төбесінің үстінде орналасқан. Орта Азия мен Батыс Сібірді байланыстыратын негізгі сауда жолының бойында орналасқан бұл ортағасырлық ескерткіш саяхатшылар (Н.Потанин, Ю.Шмидт және басқалары) тарапынан бірнеше мәрте ескерілген болатын. Байғана бір кездері өте танымал адам болған. Тарихи маңызға ие Жантас кесенесі ХХ ғ. жж. жатады. Қызылорда қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 107 шақырым жерде орналасқан. Ескерткіш Телкөл көлінің маңайында орналасқан өлшемдері кішігірім кесенелер тобына жатады. Ескерткіш тікбұрышты қам кесектерден және күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған. Жоспарындағы сақталған аумақтық өлшемдері- 5,70х5,70 м, биіктігі- 2,20 м. Қазіргі уақытта кесене қатты қираған: күмбезі толығымен құлаған, тек кіреберіс ойығының кескінін жоғалтқан негізгі қасбеттің қабырғасы мен корпусының шығыс бұрышы ғана сақталған.Кесене архитектурасының тартымдылығы сол, оның шектелген аумақ жағдайындағы композициялық құрылымдары барынша шешім тапқан.
Тағы бір өткен ғасырдың мол мұрасы болып саналатын Құлбала кесенесі. Кесене ХХ ғ. 20-шы ж. Қызылорда қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 102 шақырым жерде орналасқан. Ескерткіш Телекөл көлінің маңайында орналасқан өлшемдері кішігірім кесенелер тобына жатады. Кесене көне каналдың жанындағы айналасынан биік болып келген қырқаның үстінде орналасқан. Кесенеден оңтүстік-батысқа қарай қам кесектерден тұрғызылған қоршаулар қалдығы мен шайылып кеткен қабір үсті ескерткіштері, сонымен қатар қазақ қыстақтарының орындары мен неолит тұрағының іздері бар. Күмбезі сақталмаған, бірақ та басқа ескерткіштермен ұқсастығына қарағанда, бес аркамен басталып, жасанды қаландыламен өрілген. Құлбала кесенесі екі камералы кесененің кішірейтілген түрі болып табылады делінген ғалымдар зерттеуінде.
Жоғарыда аталған тарихи орындар Сыр өңірінің айнымас, ерекше атап айтатындар мұраларына жатқызылады. Біздер замандастарымызға, барша жұртшылыққа бұл тарихи маңызы бар орындар жайлы ақпараттар беруге мүдделіміз. Алдағы уақытта Елбасының айтулы мақаласы аясында көпшілікке беймәлім осы тектес тарихи орындар кеңінен насихатталатын болады.

Г.А.Мейрманова,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, т.ғ.к.
С.Ғ.Әбенова,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
«Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау»
мамандығының 3 курс студенті.

30 қараша 2017 ж. 14 938 895

online drugstore от 5 қаңтар 2020 07:24

canadian pharmacies от 6 қаңтар 2020 17:39

online drugstore от 6 қаңтар 2020 21:38

online pharmacies от 10 қаңтар 2020 18:24

canadian pharmacy от 13 қаңтар 2020 13:59

canadian pharmacy от 13 қаңтар 2020 17:57

mail order prescriptions from canada от 22 қаңтар 2020 13:06

canadian pharmacy от 26 қаңтар 2020 03:35

canadian pharcharmy online от 27 қаңтар 2020 16:02

online drugstore от 28 қаңтар 2020 16:38

approved canadian pharmacies online от 23 ақпан 2020 06:27

canadian online pharmacy от 29 ақпан 2020 15:08

online pharmacies от 9 наурыз 2020 22:23

Ulcense от 10 наурыз 2020 05:52
Whoa tons of wonderful knowledge! viagra online canada

no 1 canadian pharcharmy online от 12 наурыз 2020 15:41
no prior prescription required pharmacy http://canadianonlinepharmacyquick.com/ online pharmacy

rx online no prior prescription от 14 наурыз 2020 02:59
online pharmacy no prescription http://canadianpharmaciesprofmeds.com/ canadian pharmacies top best

canadian pharmacies от 8 сәуір 2020 07:53