Сәкен Сейфуллиннің өз қолымен жазылған өмірбаяны табылды
Сәкен Сейфуллиннің қолжазбасы бар жеке іс құжаттары табылды. Бұл туралы Алматы телеарнасы жазады.
Алаш арысы өзі туралы өмірбаян, анықтамаларды партизан қатарында, қызыл гвардия сапында болғанын дәлелдеп, Алматы қалалық атқару комитетінің жанынан құрылған комиссияға өткізген. Атыларынан екі жыл бұрын жиналған құжаттар қызыл жендеттердің қолына қалай түспей қалған?
Сәкен Сейфуллиннің жеке іс құжаты Алматы қалалық мемлекеттік архивінің нөмірі 177-ші қорында сақталған. 8 беттен тұратын аса маңызды құжаттың ішінде ең құнды болып саналатыны – ол Сәкен Сейфуллиннің өзінің қолымен жазған өмірбаяны және қызыл партизан қоғамдығына мүшелікке өту үшін жазған өтініші. Бұл іс қағаздары алдағы уақытты аса құнды құжаттарға енгізіліп, 500 жылға дейін сақталатын сақтандыру қорына жіберілмек.
Архивті ақтарған адамдардың айтуынша, Сәкен құжаттарды қалалық атқару комитетінің жанынан құрылған комиссияға өзінің партизан қатарында Колчак әскеріне қарсы соғысқанын дәлелдеу және қызылгвардия билетін алу мақсатында өткізген. 1935 жылғы жаздың екі айында жинаған құжат барысында Сәкен өмірбаянын айта отырып, саяси құйтұрқы сауалдарға да жауап береді.
«Колчаков бастаған контрреволюцинерлерге қарсы отряд құрыла бастағанда Сәкен Сейфуллин сол бүлікшілерге қарсы күрескен екен. Өкінішке орай, Сәкен бүлік кезінде қолға түсіп қалып, «өлім вагонына» жөнелтеді де, Аненковтың жазалау отрядына береді. Ол жерде бұларды өлім күтіп тұрғаны біледі де, Сәкен қоқыс шығаратын арбамен қашып шығуға мүмкіндік алады», – деді Алматы қаласы Орталық мемлекеттік архивінің бас қор сақтаушысы Гүлбақыт Құрманжанова.
Мәскеудің революциялық қозғалысқа қатысқандарға жеңілдік беру деген желеуімен жинаған құжаттарынан соң, Сәдуақас қызыл партия қоғамының мүшесіне өтіп, билет алған. Бірақ кейін қаржылық жеңілдік алған-алмағы белгісіз. Тек сауалнамада өзін «кедеймін, табысым 500 рубль», «көлік пен баспа машинасы керек» деп көрсеткен екен. Ал екі жылдан соң өзін тергеп, тексеріп, соңында ату жазасына кескен қызыл жендеттердің қолына қолжазбаның түспей қалу себебін, архивтегілер құжаттарды «қызылгвардия» деген топтаманың ішінде кетіп қалуы мүмкін екендігімен түсіндірді. 83 жылдан соң жария болған қолжазбаны мамандар микрофишқаға айналдырмақ.
«Микрофишкаға айналады. Бұл микрофишкаға 98 бетке дейін сияды. Бұл минкрофишкалар 500 жылғадейін сақталады, бес ғасырға. Алдағы уақытта Сәкен Сейфуллинннің де құжаттарын осындай микрофиштерге аударамыз», – деді Алматы қаласы Орталық мемлекеттік архивінің бөлім жетекшісі Динара Садырбаева.
Мамандардың мәліметінше, мұрағатта 1 миллион 52 мыңнан астам іс құжаттары болса, осы уақытқа дейін олардың 25 мыңы аса құнды құжаттардың тізіміне кірген. 1749 қордың тек 150-і ғана сараптаудан өткенін ескерсек, әлі Алаш арыстарының осы күнге дейін белгісіз қырлары көп ашылмақ – дейді осындағы зерттеушілер.