ЖАНҚҰТТЫ СЕН ЖАҚСЫСЫҢ...
Құнанбай Меккеге баратыннан бір жыл бұрын Жанқұтты шешен:
– Ау, Құнеке, қажылыққа бірге барып, қайтайық, - депті. Ол кезде Жанқұтты шешен 63 жаста екен.
Сонда Құнанбай:
– Ау, жақсы Жәкем, елдің арасында бір үлкен даулы мәселе болып жатыр. Келесі жылы бірге барайық, - дейді. Сол кезде Жанқұтты шешен:
– Құнеке, мен күткенмен, ажал, шіркін, күтпейді ғой, - деп сол жылы қажылыққа аттанады. Меккеге барып, қажылық рәсімдерін жасап, Медина қаласына келгенде Жанқұтты шешен қайтыс болады.
Келер жылы қажылыққа Құнанбай барады. Оның қасында кешегі Жанқұтты шешенді Мединаға жерлеп келген кісілер болады. Құнанбай қажылығын жасап, Мединеге келген кезде Жанқұтты шешеннің қабірінің басына келіп жылап, Құран бағыштайды. Бір кезде Құнанбай:
– Ей, Жанқұтты! Сен айтушы едің ғой, «Құнанбай сен жақсысың» деп. Мен айтушы едім ғой, «Жанқұтты сен жақсысың» деп. Сен жақсы болдың, Жәкем-ау, сен жақсы болдың. Өйткені, сен жақсы ниетпен қажылыққа келіп, Медина қаласында Пайғамбардың қасында жатырсың. Ал мен болсам, «боқ» дүниеге кетіп бара жатырмын, - деген екен.
Ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы Ардақ Назаровтың Қалжан ахун ауылына келгенде айтқаны.

Е.БЕРКІНБАЕВ