Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Көтібар батыр

Көтібар батыр


Қазақ
халқы көшпеліөмір салтынұстанса дақонақжайлық қасиетімен ерекшеленген. Қонақ болатын мейман даәдепті сақтап, жөн-жоралғымен келетін болған. Алыстан ат арытып келгенқонақ қанша асығыс болса да ауылға суыт жүріп кірмейді. Ат көлігін ауылдан алыс жергеқалдырып, үйге жаяу жүріп келеді. Қонақ күтуші меймандықұрметпен күтіп алып, өз үйіне бастайды. Әр қимылдан, сөйлеген сөзден мүлт кетуқонақкүтушіелгесын.

Бірде Сыр елінің бір топ сыйлы адамдарының Көті­бар болыстың ауылына жолы түседі. Ауылға жақындай бергенде сол маңда тезек терген келіншектерді көр­ген меймандарәлгілерді сынамақ болып:

Бұл кімнің ауылы, ауылда кімің бар?, – деп сұ­раса керек. Сонда ауыл келіндерінің бірі тұрып:

Басқада жоқтай, тек біздің атамызда бардайдың ауылы. Атам ауылда, – деп жауап беріп, Көтібар бо­лыс­тыңүйін сілтеген екен.


Сыр бойынан шыққан Көтібар Итаяқұлы шамамен 1825-1906 жылдарыөмір сүрген. Ол ауданымыздың Нағи Ілиясов ауылының төңірегіндеҚұлеке қорғаны маңында дүниеге келген. Оныңәкесі тарихтаөзіндік орны барӨтетілеу бидіңұрпағы саналатын Итаяқ дәулетті кісі болған. Сонысына сайқолы ашық, жомарт, кең, мінезі момын жан болыпты. Сұрағанныңқо­лынқақпай, мұқтажға көмек көрсеткен. Сондықтан кедей, жоқ-жітіктер оғанүйірсектеу болған. Осыны жақтырмағанқатар-құрдас байлар оны «ол да бір итаяқ» депқалжыңға айналдырса керек.

 Көтібар ИтаяқұлыҚоқан хандығы бектерінің Сыр бойы халқынан мөлшерсіз алым-салық жиған зор­лықшыл саясатынақарсы тұрған адам. Қазақтағы «қоқан-лоққы» дейтін тіркес осы заманның сөздікқорына жатады. Көтібар батыр бастаған бір топ азаматтар басқыншылықты тоқтатуүшін Орынбор генерал губернаторы Перовскийге шағымданғандарқа­тарында болған. Олармен бірлесіп, қоқандықтарға қарсы күрескен. Кейін Ақмешітті басып алған Перовский бұл бекініскеөз атын беріп, осы жолдаөзі­мен бірге болған жергілікті кісілерге мадаққұрмет көрсеткен. Солардың бірі Көтібар батырға патша генерал губернаторының «орыс-киргиз жүзбасы офи­цері» – «зауряд сотник» деген марапаты берілген.


К.Итаяқов 1870-1980 жылдары Перовск уезі Царс­кое болысының болысы болған. 1885-1995 жылдары Перовскідегі «Сарқырама» арығының мұрабы болып бекітіліп, қала маңына егін егіп, бау-бақша салу ісіне атсалысқан. Бұл кезеңде отырықшылыққа бет бұрғанқазақтар арасында мұраб, яғни гидротехниктерөте қат әрі мәртебелі мамандық болып саналатын. Қызылорда қаласында «Сарқырама» каналыәлі күнге дейінқаланың көрейту ісінеқызмет жасап келе жатқанын аймақ халқы біледі. Қазақтануғылымының іріөкілі, профессорӘбубәкір Диваев 1896  жылғы 14 маусымда  Ташкентқаласында жа­рық көрген мақаласында: «Перовск уезініңқазағы, зау­ряд-жүзбасы Көтібар ИтаяқовҚорқыт ата бейітін он бес жыл бұрын көргенін хабарлады. Ол кезде бе­йіт Сырдария жағалауынан жүз сажындай жерде  тұр­ған, ал 1893 жылы дарияқұмды жағалауын жуып, бейіттен 15-20  сажындайғана жерде болған. Соңғы уақыттақазақтар Сырдария  толқыныныңҚорқыт ата бейітін бүлдіріп жіберуіненқорқып, әулиенің сүйегін неғұлымқауіпсіз жерге апарыпқойыпты. Бірақ оныңқаншалықты шындық екенін ол тап басып айта алған жоқ. Сол сияқты «Қорқыт ата бейітініңұзындығы сондай, бейіттіңүстіне салғанқазір құлаған күмбездіңқабырғаларының сыртына шығып жатыр» дегенИтая­­қовтың мәліметіқызықты» деп жазады. Бұл жаз­ба Көтібардыңөлке тарихынан хабары мол зиялы жан екенін білдірсе керек.

Көтібар Итаяқұлының белгісі Шіркейлі ауылының тұсында «Батыс Еуропа-БатысҚытай» күрежолының бойында орналасқан. Көтібар мұнарасы биіктігі 9,5, көлденең шеңбері 4 метр болатынқам кесектен тұр­ғызылған. Мұнара дөңгелек, төменгі бөлігі ци­линдрлі, ортасынан бастап күрт тарыла түскен. Оң­түстіккеқараған кіреберіс ойығына жерден бір жарым метр биіктіктегі баспалдақ арқылы енуге болады. Табаны тегіс етіп сыланған екі метр биіктіктен соң мұнараныңқабырғасына сұғынаөрілген ағаш жа­бындысының бір жағынан адам сиярлыққуыс арқылы екіншіқабатқа көтерілуге болады. Осындайәдіспен үшінші қабатқа да көтерілетін ойығы және бар. Ішкі күмбез жоғарғы күмбездің салмағын көтеріп тұрған ағаш бөренелерменбекітілген.


Көптеген кісілер осы мұнара-белгіні Көтібар Итая­құлы жерленген орын деп біледі. Шындығында, бұл адам жерленген кесене емес. Орта Азияда биік мұнара, дің, діңгек, үйтас салу дәстүрін зертте­ген Шоқан Уәлиханов, Әлкей Марғұлан мұндай белгі­лердің көбінің жерлеу орны емес екенін жазып кеткен. Кейбірүйтас, мұнаралардың ортасындаүлкен от­тың ізінің болуы отқа немесе аспан-Тәңірге табыну орындары болғандығын дәлелдейді. Көтібардыңөзі осы мұнараның алдында жүз метрдей жердегіқам кесектен салынған «Атаусыз кесене» аталатын жайда болар деп топшыладық.

Қам кесектен күмбезделіп соғылған атаусыз кесенедеүш ересек кісі мен бір бала жерленген. Кесенені ескі көзқариялардың «Көтібардың кесенесі» деген жорамалына біз де тоқтадық. Көтібардан жетіұл бол­ған. Олардың бәріқызыл үкіметтің қуғынын көрген. Кінәларыәкесі Көтібардың ақ патшаға жақ болғаны. Көтібарұрпақтары жайлы сөз болғанда айрықша ата­латындардың бірі де бірегейіӘли Көтібаров. 1871 жылы дүниеге келгенӘли алдымен Жөлектегі екі кластық түземдік мектепте білім алады. 1885 жылы Ташкенттегі гимназияға түсіп, 1893 жылы оныүздік бағаға бітіріп шығады. Санкт-ПетербургӘскери ме­ди­циналық академияда білімін жалғастырғанқазақ­тан шыққан тұңғышәскери дәрігердің еңбегін елеп патшаүкіметі капитан шенімен және «Станислав» орденімен марапаттаған. 1926 жылыұзақ науқастан кейінқалалық аурухананың бас дәрігеріқызметінде жүргенқазақ елінің медицина саласының дамуынаөлшеусіз еңбек сіңіргенӘли қайтыс болып, әкесінің жанына жерленеді. Қызылорда қаласында бір шағын көшеге есімі берілген.

Күрежол бойындағы бір белгі жайлыәлі де ашыл­маған сырлар көп. Оны зерттеймін, зерделеймін дегенге айтылар аңызәңгімелер жетерлік.
Жұмабай БАЙЗАҚҰЛЫ,
Бесарықауылы
15 наурыз 2022 ж. 735 0