Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Беделің- сәулетің, еңбегің - дәулетің

Беделің- сәулетің, еңбегің - дәулетің

Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атан­ған даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтың туғанына биыл 130 жыл толып отыр. Осыған орай оқырман назарына дала академигінің қанатты сөздерін ұсынбақпыз.

Ел үшін жанын пида еткен ерлер өлмек емес.
***
Батыл адам тастан да нан табады.
***
Беделін – сәулетің, еңбегің – дәулетің.

***
Бойы – бәйтеректей, ойы – бұтақтай.
***
Теңізден терең халық ішінде  небір алмастай асыл ойлар жатыр.  Жақсы ой тек ілгері жетелейді.  Сондықтан да адам ойы асқар тау­дан сарқырап аққан су секілді  сарқылуға тиісті емес. Ол тек үдей түсуі, таси беруі керек.

***
Бұл өмірге «қонақпын» деп қараған адам – қарағайға бір түн қо­нақтап кеткен қарғамен тең.
 ***
 Адам – тастан берік, гүлден нәзік. Нендей ауыртпалықты болмасын, адам баласы атан түйе секілді көтеріп әкетеді. Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы дейді де, неге де болмасын белсене кірісіп, қайғысын – тіршілік талабына жеңгізіп, бұрынғыдан бетер пыси түседі.
***
«Тұқымын алып жерге бер» деген. Әрбір дақыл тұқымнан өнеді. Өністі тұқым – ырыстың жоралғысы.

***
Дән бала сияқты, ол да мәпелеуді сүйеді, ол да аялағанды тілейді.

***
Бітік күріш біркелкі тегіс жерде ғана өсіп-өнеді. Өйткені, күріш – суда өсетін дақыл. Ал су тегіс жерге ғана жайылады.

***
Адам сияқты егін де таза суды сүйеді. Ескірген, лас судан өсімдік те ауырады. Тамаша дақылға таза су бер.

***
Жас күріштің сабағы түбіттей нәзік келеді. Оны тек тамырымен ғана суырып аласың. Жер ылғалды болса, тамыр тереңге кетеді, күрішке береке бітеді.

27 наурыз 2021 ж. 571 0