Головкин Деревянченкомен жекпе-жегінің уақытын тағы да шегеруді сұрады
Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер өздерінің украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен жекпе-жектің уақытын шегеруді сұрап отырғанын мәлімдеді.
Сурет: Jordan Mansfield/Getty
Бұл туралы vringe.com басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.Головкин америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен жекпе-жегін өткізу үшін, IBF титулына үміткер украиналық боксшы Деревянченкомен кездесу мерзімін 90 күнге ұзартқан еді.
Естеріңізге сала кетсек, Халықаралық бокс федерация Головкиннен өз белбеуін қорғау үшін биылғы жылдың 3 тамызына дейін жекпе-жек өткізуін талап етіп отыр. Керісінше жағдайда, аталған белбеу бос саналатын болады.
Бұған дейін Геннадий Головкиннің чемпион атағын сақтап қалу үшін, Халықаралық бокс федерациясына (IBF) 20 мың доллар төлегені хабарланған еді.
Пікір 685