Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

01 сәуір 2025 ж.

№22 газет

29 наурыз 2025 ж.

№21 газет

23 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ҚҰРАМА КОМАНДА САПЫНДАҒЫ ЖҮЛДЕГЕРЛЕР

ҚҰРАМА КОМАНДА САПЫНДАҒЫ ЖҮЛДЕГЕРЛЕР

Жақында Павлодар қаласында волейболдан 2005- 2006 ж.т. жасөспірім ұлдар арасында Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты мәресіне жетті. Бұл дүбірлі додаға еліміздің 16 облыстарынан командалар қатысты.
Жарыс нәтижесі бойынша Қызылорда облысы құрама командасы І орынды иеленді. Жас спортшылар өткен жылы Қазақстан Республикасының жазғы және күзгі чемпионаттарына қатысып, екі мәрте ел чемпионы атанған болатын. Осымен үшінші рет осы жас ерекшелігі бойынша алтыннан алқа тақты.
Облыстың мерейін асырып жүрген командада №11 Сырдария олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінен екі спортшысы бар. Олар Мақсат Мелс пен Даниял Мүбараков. (Жаттықтырушысы Айбек Сейпулов).
Спортшылар қазіргі уақытта Талдықорған қаласында өтетін Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионатына дайындық үстінде.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
19 қаңтар 2019 ж. 1 040 0