Премьер-лигаға оралған «Таразды» Масудов баптауы мүмкін
Премьер-лигаға оралған «Тараз» командасы бас бапкері лауазымына кандидаттардың бірі ретінде Вахид Масудовты қарастырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.
Жамбыл футболының басқа бір түлегі Нұркен Мәзбаев өз лауазымынан ресми түрде босап үлгермеген болса да, команданың бас бапкерінің орны іс жүзінде бос тұр. Клуб басшылығы 59 жастағы маманды басты үміткерлердің бірі ретінде қарастырып отыр. Өткен маусымды Масудов «Атыраудың» бапкері ретінде бастаған, алайда чемпионат басталысымен отставкаға жіберілді. Айта кетейік, Масудов жаттықтырушылық мансабын бастаған тұста, 1999-2000 жылдары «Таразды» баптаған болатын.