Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Америкалық спортшы қазақстандық боксшының IBF аймақтық титулын тартып алуға ниетті

Америкалық спортшы қазақстандық боксшының IBF аймақтық титулын тартып алуға ниетті


Спорттық мансабында бір-бір рет жеңілмеген қазақстандық боксшы Бақтияр Эюбов (13-0, 11 КО) америкалық спортшы Николас Гивхэнмен (21-1-1, 11 КО) жекпе-жек өткізуге дайындалуда.


Бүгінгі жекпе-жекте IBF нұсқасының аймақтық титулының тағдыры шешіледі.
Дегенмен, отандасымыздың қарсыласы бұл белбеуді тартып алуға ниетті екеннін айтты.  Америкалық боксшы өзінің Facebook парақшасында «Бір ғана патша бар» деген жазба қалдырып, «Оны тартып алатын уақыт келді» деп IBF аймақтық титулының суретін жариялаған.
Эюбов-Гивхэн жекпе жегі 22 маусымда АҚШ-тың Мичиган штатындағы Детройт қаласында өтеді. Жерлесіміз қатысатын бокстың басты кешінде IBF және WBC нұсқалары екінші орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Кларисса Шилдс (5-0, 2 КО) пен коста-рикалық Ханна Габриэльс (18-1-1, 11 КО) кездеседі.
22 маусым 2018 ж. 1 172 0