Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кирилл Тубаев пен Полат Төребеков Азия чемпионы атанды

Кирилл Тубаев пен Полат Төребеков Азия чемпионы атанды

Жапонияның Киото қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден марафон бойынша VI Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ескек есу спорты түрлерінен федерацияның хабарлауынша, жарыстың алғашқы күні Қазақстан командасының спортшылары екі алтын медаль жеңіп алды. Ерлер арасында байдаркамен 3400 метр жарыста Кирилл Тубаев мәреге бірінші болып 14:54.166 секундта жетті.

Екінші орынды Пак Чжу Хён (Оңтүстік Корея), үшінші орынды Чан Ван Зань (Вьетнам) алды.

Каноэ бәсекесінде Полат Төребеков те тамаша өнер көрсетіп, чемпион атанды. Ол мәреге 17:13.493 секундта келді. Бұл сында күміс медальді Кокадзи Такаюки (Жапония), қола жүлдені Такэнака Иссэй (Жапония) иеленді. Енді 7 тамызда қазақ спортшылары 10 000 метр қашықтықтағы марафон жарысында бақ сынайды.

Биылғы Азия чемпионатына 10 мемлекеттен 200-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Қазақстан намысын Кирилл Тубаев мен Полат Төребеков қорғайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан құрамасы Таиландта өткен су спорты түрлерінен Азия чемпионатында 48 медаль жеңіп алып, әртістік жүзуден командалық есептің жеңімпазы атанды.

Сурет: ашық дереккөз


06 тамыз 2026 ж. 38 0