Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Балуандарымыз Шешенстанда екі қола жүлде жеңіп алды

Балуандарымыз Шешенстанда екі қола жүлде жеңіп алды

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының балуандары Ресейдің Шешен Республикасында өткен халықаралық турнирде екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Грозный қаласында Шаттық Алайдар (65 келіге дейін) мен Майис Алиев (70 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.

Бұған дейін Словакияның Братислава қаласында күрес түрлерінен U20 жас санатында өткен әлем чемпионатында екі балуанымыз қола жүлдеге ие болған еді. Нұрасыл Асамбек 57 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алса, Нұрдәулет Сейілбеков 74 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Сурет: Бүкіл әлемдік күрес одағы



18 қыркүйек 2026 ж. 54 0