Ресми: Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) әлемдік рейтингінде ресми түрде көш бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.Теннисшілер арасындағы айырмашылық 2 026 ұпай болды. Үздік үштікте 7 265 ұпаймен америкалық Джессика Пегула тұр.
АҚШ-тың ашық чемпионаты (US Open-2026) бірінші орын үшін шешуші турнир болды. Рыбакинаға қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңіп, жартылай финалға шыққанда турнирдің кейінгі нәтижелеріне қарамастан әлемдік рейтингтегі көшбасшылықты қамтамасыз етті. US Open басталған кезде бірінші орынға Арина Соболенко, Джессика Пегула мен Коко Гауфф та таласқан болатын.
Осылайша, 27 жастағы Елена Рыбакина WTA тарихында әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілген 30-шы теннисші атанды. Сондай-ақ ол ерлер мен әйелдер арасында жекелей сында әлемдік рейтингте көш бастаған Қазақстанның тұңғыш өкілі болды.
Бұған дейін хабарланғандай, Елена Рыбакина АҚШ-тың ашық чемпионатының финалында үшінші рет «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы атанды. Ол Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңген еді.
Рыбакина US Open турниріндегі жеңісі үшін 5,5 миллион доллар сыйақы алды.









