Асу Алмабаев Ыстанбұлдағы титулдық кездесуде жеңімпаз атанды
ММА файтері Асу Алмабаев Ыстанбұлда өткен ACBJJ 22 турнирінде титулдық жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.Айта кетейік, бұған дейін Алмабаев RAF 12 турнирінде еркін күрестен бақ сынап, америкалық Джонни ДиДжулиусқа есе жіберді. Спортшының ММА-дағы соңғы ресми жекпе-жегі маусым айында өтті. Сол кездесуде Асу Алмабаев америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта сабмишн әдісімен жеңген болатын.
Еске сала кетейік, шілде айында UFC жауынгері Meta рейтингінде екі сатыға көтеріліп, бесінші орынға жайғасқан болатын.










