Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық боксшы Сергей Морозов UFC турнирінде үшінші жеңісіне жетті

Қазақстандық боксшы Сергей Морозов UFC турнирінде үшінші жеңісіне жетті

Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Сергей Морозов UFC турниріндегі үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Сенбі күні Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night турнирінде 33 жастағы ақтөбелік америкалық Джурни Ньюсонға қарсы жекпе-жек өткізіп, жарыс картасын ашты. Үш раундқа есептелген жекпе-жек төрешілердің 30-27, 29-28, 29-28 бірауыздан қабылдаған шешімімен Морозовтың жеңісімен аяқталды.

Сергей үшін бұл жеңіс кәсіби мансабындағы 19-шы және UFC-дегі бес кездесуден кейінгі үшінші жетістігі болды. Бұл Морозовтың америкалық ұйыммен жаңа ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойғаннан кейін UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі болды.

“Жақсы лагерь, жақсы дайындық болды. Біз үш кезеңде дайындалдық – екеуі Қазақстанда, біреуі Американың топ-командасында өтті. Өзімді жақсы сезіндім. Өздеріңіз білетіндей мықты жігіттермен жекпе-жек өткіздім, олардың барлығы үздік 15-те болды – кейбірі менімен жекпе-жек өткізбес бұрын, ал кейбірі қазір сол деңгейде. Мен үшін бұл тағы бір сынақ болды. Алла Тағаланың қалауымен абыроймен өттік, жеңдік. Мен кез келген уақытта кез келген сынаққа дайынмын. Әлі ашыла алмағанымды, қабілетімді толық көрсете алмағанымды сезінемін”, - деді Морозов кездесуден кейін.

18 желтоқсан 2022 ж. 193 0