Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Шавкат Рахмонов UFC турнирінде жеңіске жетті

Шавкат Рахмонов UFC турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (17-0) америкалық қарсыласы Джефф Нилмен (15-5) жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды Massaget.kz.

Жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ) UFC 285 турнирінде өтті. Қазақстандықтың қарсыласы UFC-дің үздік файтері саналатын америкалық Джефф Нил (15-4) болды. Жекпе-жек үшінші раундтың соңында Шавкаттың жеңісімен аяқталды.

Рахмонов үшін бұл - 17 кәсіби жекпе-жекте 17 жеңіс. Ол өзінің жекпе-жектерін мерзімінен бұрын аяқтады. Осы жеңістен кейін Шавкатқа UFC рейтингінде көтерілуге мүмкіндік бар.

Еске салайық, бұған дейін Шавкат Рахмонов қарсыласы Джефф Нилдің сәтсіз салмақ өлшеу рәсіміне қатысты пікір білдірген еді.

Сондай-ақ, оның бұл жекпе-жекте қанша ақша алатыны белгілі болды.
05 наурыз 2023 ж. 462 0