Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлем чемпионаты: Португалия Хорватияны 2:1 есебімен жеңді

Әлем чемпионаты: Португалия Хорватияны 2:1 есебімен жеңді

Футболдан әлем чемпионатында Португалия құрамасы 1/8 финалға жолдама алды. Енді олар жарыстың аталған сатысында Испаниямен шеберлік байқасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хорватиялық футболшылар алғашқы болып есеп ашты, Иван Перишич ойынның 53-минутында көзге түсіп, гол соқты. Матчтың 60-минутында Криштиану Роналду пенальтиден таразы басын теңестірсе, португалиялық тағы бір ойыншы Гонсалу Рамуш 94-минутта соққан гол өз құрамасына жеңіс алып келді.

Осылайша Португалия қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.


Қарсыластар қазірге дейін 10 мәрте жасыл алаң төрінде шеберлік байқасты. Әзірге хорватиялық футболшылар бірде-бір мәрте Португалияны жеңе алмай келеді. 8 кездесуде олар қарсыласына есе жіберсе, 2-уінде тең нәтиже тіркелді.

Еске салайық, бұған дейін плей-офф кезеңіне жолдама алған барлық құрамалар белгілі болған еді.

Айта кетейік, Мексика құрамасы Эквадорды 2:0 есебімен жеңіп1986 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі матчта жеңіске жетті. Осылайша команда турнирдің 1/8 финалына жолдама алды. Парагвай Германияны пенальти сериясында жеңіп кетті. Бразилия мен Жапония құрамасы арасындағы ойында 2:1 есебімен Бразилия командасы жеңіске жетті.

Фото: fifa.com
03 шілде 2026 ж. 40 0