Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Франциялықтар Швеция қақпасына 3 гол соғып, жеңіске жетті

Франциялықтар Швеция қақпасына 3 гол соғып, жеңіске жетті

Франция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Швецияны 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, келесі кезеңге (1/8 финалына) жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Франциялықтар есепті бірінші тайм аяқталар сәтте ашты. 45-минутта бұрыштамадан көтерілген доптан кейін Килиан Мбаппе айып алаңында бірінші болып допқа жетіп, дәл соққымен командасын алға шығарды.

Екінші таймның 53-минутында Майкл Олисе қорғаушылардың арасынан тамаша пас беріп, Брэдли Барколяны қақпашымен бетпе-бет шығарды. Шабуылшы өз мүмкіндігін мүлт жібермей, есепті 2:0-ге жеткізді.


Кездесудің соңғы нүктесі 74-минутта қойылды. Майкл Олисе тағы бір дәл паспен Мбаппені айып алаңына шығарды. Франция құрамасының капитаны қорғаушыны алдап өтіп, әдемі айналдыра тепкен соққымен дубль авторы атанды. Жалпы есеп 3-0.

Осылайша Франция құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шығып, келесі кезеңде Парагвай құрамасымен кездеседі.
Еске салайық, бұған дейін 1/16 финалдың екінші күні үш ойын өтетінін хабарлаған едік.


Фото: facebook.com / fifa
01 шілде 2026 ж. 328 0