Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ибраима Конате «Реал Мадридтің» жаңа ойыншысы атанды

Ибраима Конате «Реал Мадридтің» жаңа ойыншысы атанды

Танымал италяндық спорт журналисі Фабрицио Романоның мәліметінше, Ибраима Конате «Реал Мадридпен» келісімге келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футболшы испаниялық клубқа еркін агент ретінде ауысады. Келісімшарт 2030 жылдың маусым айының 30-ына дейін жасалған. Алайда ресми хабарлама 7 маусымда өтетін президент сайлауынан кейін жарияланады.
Бұған дейін 27 жастағы қорғаушы «Ливерпульде» ойнаған. Өткен маусымда ол 51 матчқа қатысып, 2 гол соққан.

Еске салайық, бұған дейін Давид Алабаның «Реал» клубымен қоштасқанын жазған едік.


Фото: Qazsporttv

04 маусым 2026 ж. 27 0