Blind футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы тарихи жеңіске жетті
АҚШ-тың Сиэтл қаласында Вlind футболдан (көру қабілеті бұзылған жандар арасындағы) халықаралық турнир өтті. Турнирге АҚШ, Перу және Қазақстан ұлттық құрамалары қатысты деп хабарлайды Kaz.inform.kzҚазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша ұлттық құрама алғашқы ойында АҚШ құрамасымен 0:0 есебімен тең түсті. Ал шешуші ойында Оңтүстік Американың мықты құрамаларына қарсы сәтті өнер көрсетіп жүрген тәжірибелі Перу командасын 1:0 есебімен жеңді.
Матчтағы жалғыз жеңіс голын Болат Жанымхан соқты. Сондай-ақ ұлттық құраманың қақпашысы бірнеше қауіпті сәтте командасын құтқарып, тарихи жеңіске үлкен үлес қосты.
-Бұл - Қазақстанның Вlind футбол тарихындағы алғашқы халықаралық трофей. Жеңіс құтты болсын!,-делінген хабарламада.
Осыған дейін футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалы қашан өтетінін жаздық.










