Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Волейбол: «Тұран» алғаш рет Қазақстан кубогын жеңіп алды

Волейбол: «Тұран» алғаш рет Қазақстан кубогын жеңіп алды

Өскемен қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан кубогының финалдық ойыны мәресіне жетті. KAZINFORM

Бұл жолы ел кубогын «Қуаныш» (СҚО) пен «Тұран» (Түркістан) командалары сарапқа салды.

Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын түркістандық қыздар жартылай финалда фаворит саналмаса да, Өскеменнің «Берелін» 3:1 есебімен жеңген еді.

Финалда да фаворит «Қуаныш» еді. Өткен жылы «Тұран» өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанған болатын. Онда команда капитаны Орал волейболының түлегі Сана Анарқұлова еді. Бір маусымды Сербияда өткізіп, Қазақстанға оралған Сана «Қуаныштың» намысын қорғауды құп көрді. 

Матчты шынында да Юрий Панченконың шәкірттері сәтті бастады – 25:23. Дегенмен екінші сетте «Тұран» басымдылық танытты – 25:19. Бұдан кейін «Қуаныш» қайта алға шықты – 25:21. Төртінші партияда солтүстікқазақстандықтар қос бірдей матчболын пайдалана алмады – 26:28.
Шешуші, бесінші сетте «Тұран» 8:4 есебімен алға кетті. Команда капитаны С.Анарқұлованың сәтті шабуылы арқасында таразы басы теңесті – 8:8. Бірақ түркістандық клубқа жуырда қосылған кубалық Батиста Юнеска Роблес тегін келмегенін көрсетті. Ақыры «Тұран» жеңісті жұлып алды – 15:9. Қорытынды есеп – 3:2.

Осылайша, «Тұран» алғаш рет Қазақстан кубогының иегері атанды. Бұл жеңіске команда капитаны, байланыстырушы Ирина Кузнецова, Зинат Гиёсова, Айгүл Мүлкібаева, либеро Сандуғаш Асанова, ресейлік Елена Самойленко, сербиялық Анжелка Новосел өз үлестерін қосты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан Қазақстан кубогын «Қуаныш» пен «Тұран» командалары сарапқа салатынын жазған едік. 

Фото: volleyfederationkz


28 желтоқсан 2025 ж. 33 0