Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қазақстандық Амир Закиров Дубайдағы WFADS әлем чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстандық Амир Закиров Дубайдағы WFADS әлем чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстанның брейкинг құрамасының көшбасшысы Амир Закиров БАӘ-нің Дубай қаласында өткен WFADS әлем чемпионатында жеңіске жетті. Бұл туралы ҰОК хабарлады. KAZINFORM.

B-boy Amir ересектер арасындағы жарыста финалға дейін жетті.

Шешуші бәсекеде Амир Закиров АҚШ өкілі Мигель Росарионы (b-boy Gravity) жеңді. Ал қола жүлде Ресей спортшысы Руслан Файзрахмановқа (b-boy Ruslan Footrockets) бұйырды.

Айта кетейік, 2024 жылы Амир Закиров Францияның Париж қаласында өткен Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Қазақстандық спортшы 1/4 финалға дейін жетіп, жалпы есепте сегізінші орынды иеленді.

Айта кетелік қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирде үздік шықты.

Фото: ҰОК


21 желтоқсан 2025 ж. 555 0