Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Бердіхан Исматуллаев атындағы дәстүрлі турнир өтті

Бердіхан Исматуллаев атындағы дәстүрлі турнир өтті

Евразия спорт кешенінде Исматуллаев Бердіхан Лесханұлын еске алуға арналған шағын футболдан облыстық турнир өтті, деп хабарлайды Кyzylorda-news.kz.

Турнир дәстүрлі түрде биыл жетінші мәрте өткізілуде. Ондағы мақсат - халыққа қалтқысыз қызмет еткен арда азаматтың есімін ұлықтау.

Турнирге жасы 45-тен асқан 100-ге жуық спортшыдан құралған 8 команда қатысты.


Доп додасының ашылу салтанатында облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов Бердіхан Лесханұлының азаматтық болмысын тілге тиек етіп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер және үздік ойын көрсеткен номинация иегерлеріне ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен медальдар, кубоктар, статуеткалар және қаржылай сыйақылар табысталды.
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі
13 қаңтар 2025 ж. 248 0