Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

№ 63 газет

23 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Астанада қазақ күресінен «Дала қырандары» турнирі өтеді

Астанада қазақ күресінен «Дала қырандары» турнирі өтеді

Елордада 11 қаңтар күні қазақ күресінен «Дала қырандары» турнирі басталады, деп хабарлайды Кaz.inform.kz.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында жалауын көтеретін турнирде 8 салмақ бойынша жүлделер сарапқа салынады.

Еліміздің басты рейтингтік жарыстарында ең жоғары ұпай жинап іріктелген 64 балуан 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, 100 келіден жоғары салмақта боз кілемге шығады. Олар өз салмақ дәрежесі бойынша «Дала қыраны» титулын сарапқа салып, бас балуан атанады.

Оған қазақстандық белгілі балуандар қатысады. Олардың қатарында әлем чемпионаты және өзге де халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанған Бекжан Төлепов, Жұмажан Қожамбеков, Ерсұлтан Мұзаппаров, Алтынбек Аусағитов, Нұрдәулет Жарылғапов және Ерасыл Қажыбаев бар.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

02 қаңтар 2025 ж. 217 0